«Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері үгіт-насихат жұмыстары аясында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ-нің 8-сынып оқушыларымен III облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-байқауы туралы түсіндірме әңгіме өткізді.
Ұсынылған ақпарат барысында байқау кезеңдеріне, қатысушылардың жас санаттарына, жеңімпаздар үшін жүлде қорына баса назар аударылды. Оқуды ілгерілетуге, оқылмайтын ортада оқуды дамытуға ерекше назар аударылды.
Әңгіме соңында балалар қойған сұрақтарға жауаптар берілді.
