Оқитын әулет

«Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Оқитын» ақпараттық-дайджестін өткізді.
Кітапханашылар «Оқитын ұлт» ұлттық жобасымен таныстырды. Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың оқу мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді. Жобаның негізгі ережелерін, мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.
Іс-шара барысында «Кітап – білімге көпір» кітап көрмесіне шолу жасалды, А. Құнанбаевтың «Қара сөздері», Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Д. Исабековтің «Гаухартас» және т. б. кітаптар ұсынылды.
Соңында «Оқитын ұлт жобасы» бейнеролигі көрсетілді.