Оқитын колледж

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК студенттері үшін «Оқитын колледж» сұрақ-жауап сағатын өткізді.
Кітапханашылар «Оқитын ұлт» республикалық жобасымен таныстырды. Жоба аясында тұрақты оқу әдетін қалыптастыруға және өңірдің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған Қостанай облысының 45 мыңнан астам тұрғынын қамту жоспарлануда.
Тұсаукесер барысында кітапханашы жобаға қатысушылар арнайы номинациялар бойынша жарысатынын және алдын ала іріктелген 15 кітапты оқып, шығармашылық тапсырмаларды орындап, зияткерлік байқауларға қатысуы тиіс екенін айтты.
Іс-шара соңында «Кітап – алтын қазына» тақырыптық сөресімен таныстырып, осы санатқа арналған туындыларды таныстырды.