Оқитын мектеп

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде «Оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында 25 НОМ 8-сынып оқушыларына «Оқитын мектеп» атты шара «Узкоколейный» кітапхана-филиалында өтті.
Шара басында кітапханашы оқушыларға Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаев 2024 жылғы 15 наурызда Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысындағы баяндамасы туралы айтып берді. Кітапханашы Қазақстан Президентінің кітап оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру туралы сөздерін оқып берді.
Одан әрі кітапханашы кітап оқу байқауын өткізу ережелеріне тоқталып, байқаудың кезеңдерін, кімдер қатыса алатынын, қатысуға қандай талаптар қойылатынын түсіндірді. Ол әр кезеңдегі бағалау критерийлері, өтінімдерді тіркеу және беру туралы айтты. Осы жоба бойынша 8-сынып оқушыларына ұсынылған жұмыстарды ұсынды.