Оқитын мемлекеттік қызметші

2025 жылғы 9 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 6697 әскери бөлімі» РММ үшін «Оқитын мемлекеттік қызметші» атты ақпараттық сағатын өткізді.
Кітапханашылар «Оқитын ұлт» ұлттық жобасымен таныстырды. Жоба еліміздің рухани жаңаруы мен зияткерлік даму стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Оқитын ұлт» тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылып жатқанын түсіндірді. Жоба «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қорының бастамасымен AMANAT партиясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, жоба кешенді құрылымға ие және алты санатты қамтитынын түсіндірді. Әр қатысушы өз санаты үшін арнайы жасалған тізімнен 15 шығарманы оқуы керек. Өтінімдер 2025 жылдың 20 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Жалпы жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды. Әр санат үшін сыйақы қарастырылған: 1 орын – 1 000 000 теңге; 2 орын – 600 000 теңге; 3 орын – 400 000 теңге.
Іс-шара қостанайлық жазушы А. И. Суслованың осы жобаның маңыздылығы туралы бейнебаянымен аяқталды.