А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері № 18 мектеп-гимназиясының 11 «Б» сынып оқушыларына «Оқу арқылы – тұлғаның дамуына» атты ұсыныстар калейдоскобын дайындады. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға А. Құнанбаев «Қара сөздері», О. Хайям «Рубаи», В. Каверин «Два капитана», Д. Грин «Виноваты звезды» көркем әдебиет туындыларын және тағы басқа кітаптарды ұсынды. Ғылыми-танымал басылымдар мен қазіргі психология тақырыбындағы кітаптар үлкен қызығушылық тудырды.
Балалар кітап оқу интеллектуалдық деңгейді арттырады, қызықты сұрақтарға жауап табуға, өз сезімдеріміз бен эмоцияларымызды жеткізуге көмектеседі деген қорытындыға келді.
Сонында балалар «Кітаптар – ең жақсы достар!» тақырыптық сөресінде ұсынылған кітаптармен танысты.