«Дружба» кітапхана-филиалында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Оқу сәнді! Оқу керемет!» ерекше кітап көрмесі рәсімделген. Көрме оқырмандардың қалауына негізделген. Әркім көрмеге өзіне ұнаған кітапты қоя алады, сонымен қатар оған арнайы дәптерге пікір жаза алады.
Көрмеде Р. Стайнның қорқынышты кітабы, Н. Кузнецованың детективтері, Д. Емецтің фэнтезиі және басқа да авторлардың кітаптары, сондай-ақ балалар классиктерінің кітаптары – Н. Носовтың «Приключения Незнайки», Р. Л. Стивенсонның «Остров сокровищ», қазақстандық авторлар –А. Суслованың, М. Қабанбайдың кітаптары, сондай-ақ білім беру комикстері қойылған.
Көрме оқу туралы ұрандармен толықтырылып, эмодзи-смайлдармен және суреттермен безендірілген.
Жас оқырмандарымызды бізбен бірге оқуға шақырамыз!
