2025 жылдың 24 қазанында «Қостанай қаласы білім беру бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы» ҚМУ кадеттері үшін «Строительный» кітапхана-филиалының ұжымы «#ОқыЖәнеЖең» IV облыстық онлайн байқауын насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кітапханашылар байқау ережелерімен, мақсаттарымен, міндеттерімен және марапаттау рәсімімен таныстырды. Қатысқандардың барлығына байқау туралы толық ақпарат жазылған ақпараттық парақшалар берілді.
Талқылау соңында студенттер қатысуға ниет білдірді.
#ОқыЖәнеЖең