#ОқыЖәнеЖең

2025 жылдың 09 қаңтарында «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-конкурсын насихаттау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Қостанай қаласының білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдер ұжымы қатысты. Байқаудың басты мақсаты – оқу мәдениетін дамытуға халықтың назарын аудару. Кітапханашы байқаудың өткізу ережелерін оқыды. Тыңдаушылар өткен жылдың қорытындысы туралы өз пікірлерін білдірді. Осы байқауға қатысу туралы әсерлерімен бөлісті. Олар көркем әдебиет оқу адамның ой-өрісін кеңейтіп, әр адамның өз елінің сауатты азаматы болуына мүмкіндік беретінін атап өтті.