«Южный» кітапхана-филиалының ұжымы физика-математика лицейінің педагогикалық ұжымы арасында облыстық «ОқыЖәнеЖең» онлайн байқауын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кітапханашылар байқаудың шарттары мен мақсаты туралы айтып, Ережемен таныстырып, барлық ақпарат жарияланған https://kitap10.kz/ сайтын ұсынды.
Педагогикалық ұжымы ақпаратқа қызығушылық танытты, ал кітапханашылар мұғалімдерді ата-аналар мен оқушылар арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысуға шақырды.