Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкері Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қостанай қаласы білім бөлімінің №122 НОМ» КММ 5-6 сыныптардың оқушыларына «ОқыЖәнеЖең» атты облыстық онлайн – байқауы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында байқаудың мақсаты, шарттары, қатысу ережелері мен марапаттау рәсімі оқушыларға кеңінен түсіндірілді.
Кітапханашы оқушыларды белсенді қатысуға, бос уақыттарын тиімді өткізуге және кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыруға шақырды.
ОқыЖәнеЖең
