«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №17 орта мектептің 6 «А», 7 «Б» және 8 «А» сынып оқушыларына арналған Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен халықты оқу мәдениетін дамыту мақсатында өткізілетін IV облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-конкурсын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кітапханашы 2025 жылғы 10 қазанда басталып, 2026 жылғы 16 қаңтарда аяқталатын және төрт кезеңде өткізілетін байқаудың ережесімен таныстырды. Балаларды http://www.kitap10.kz/ сайтта тіркелу арқылы конкурсқа қатысуға шақырды.
#ОқыЖәнеЖең
