#ОқыЖәнеЖең

Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Қостанай қаласының білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейінде» 7, 8 сынып оқушыларына «#ОқыЖәнеЖең» IV облыстық онлайн оқу байқауын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысу ережелері, конкурстың кезеңдері, жүлде қоры және әрбір жас тобы бойынша байланыс телефондары туралы ақпараты бар екі тілде ақпараттық парақтар таратылды.