Чапаев негізгі орта мектебінің оқушыларына арналған «Қонай» кітапхана-филиалының кітапханашысы IV облыстық «Оқы және Жең» онлайн байқауын насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кітапханашы байқау ережесімен таныстырды. Шара барысында оқушыларға жадынамалар таратылды. Кітапханашы тіркеліп, байқауға белсенді қатысуға шақырып, оқушыларға сәттілік тіледі.
#ОқыЖәнеЖең
