14 қазан күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №8 ЖББМ» КММ-де «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкері 7 «А» және 5 «А» сынып оқушыларына «#ОқыЖәнеЖең» IV облыстық онлайн оқу байқауын насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында оқушылар байқауыдың ережесімен таныстырылып, оның мазмұны, қатысу шарттары және жеңімпаздарды марапаттау тәртібі толық түсіндірілді.
Кездесу соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, байқауға қызығушылық білдірді.
#ОқыЖәнеЖең
