Ойлан тап

29 қаңтарда «Дорожный» кітапхана-филиалында «Ғажайып бөлме» үйірмесінің қатысушыларына арналған «Ойлан тап» логикалық дамыту ойыны өтті.
Кітапханашы балаларға ойын ережелерін түсіндірді. Балалар экранда көрсетілген «Жануарлар немен коректенеді?» суретіндегі жануарларды дұрыс болжап, сұрақтарға жауап беріп, ойынға белсенді қатысты. Іс-шара барысында балалар әртүрлі логикалық тапсырмаларды орындай отырып, логикалық ойларын дамытты.
Ойын соңында «Үш аю» ертегісі көрсетілді.