Ойна, домбыра!

«Дружба» кітапхана-филиалында «Книгочей» үйірмесінің мүшелері үшін «Ойна, домбыра!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларға домбыраның құрылысы, тарихы, ұлы ақындар мен күйшілер туралы айтып берді. Балалар «Ақсақ құлан» мультфильмін тамашалап, домбыра тартып, «Музыкалық аспаптар» викторинасына қатысты.