2025 жылы 17 наурызда Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін Ұлы Отан соғысының 80-жылдық мерейтойына қарсы жан аямай соғысқан жауынгерлер ерлігін баяндайтын «Олар Отан үшін от кешті» атты деректі фильмін ұсынды. Фильм Ұлы Отан соғысы кезінде өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан аямай соғысқан Ә. Молдағұлова, М. Мәметова, М. Ғабдуллин, С. Баймағамбетов, Бигельдинов, Х. Доспанова, С. Нұрмағамбетов, Р. Қошқарбаев және т.б. жауынгерлер ерлігін баяндайды. Біздің сәулетті өміріміз үшін жас жанын қиып, кеудесін оққа тосқан батырлардың өміржолдары жас ұрпаққа насихатталды.
Олар Отан үшін от кешті
