Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Күніне орай «Қонай» кітапхана-филиалында Алматы маңында, 16194 әскери бөлімінде, десанттық-шабуылдау әскерлерінде мерзімді әскери қызмет атқарған Қабдыбеков Олжаспен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Чапаев негізгі орта мектебінің оқушылары қатысты. Қонақ өзі туралы, оның қалай қызмет еткені, әскери қызметтің қызықты сәттері туралы айтып берді. Ол әскерден кейінгі өмірінің қалай өткені, не істеп жатқаны және әскер оның тағдырына қалай әсер еткені, әскердегі қызмет оған қандай дағдылар мен қандай пайдалы қасиеттерді сіңіргені туралы айтты.
Соңында оқушыларды өз елінің патриоты болуға және болашақта өз Отанына әскери борышын атқаруға шақырды.
Отан қорғаушы – мақтаныш атағы
