Отанның берік қалқаны отаншылдықтан басталады!

Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге жәрдемдесу аясында «Северный» кітапхана-филиалында № 28 МГ «Жас шекарашы» ӘПК мүшелеріне арналған «Отанның берік қалқаны отаншылдықтан басталады!» атты тақырыптық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға жетекші Қайнешов Н. С., шекара қызметінің ардагерлері мен запастағы офицерлер, «ҚР білім берудің үздігі» Сүйінқина Биалаш Балтиқызы шақырылды.
Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Рейхстагқа Жеңістің Туын көтерген Рахымжан Қошқарбаев туралы ақпарат берілді. Кітапханашы биыл Қазақстанның Халық батырының 100 жылдығы атап өтілетінін атап өтті. Қатысушылардың назарына бейнеролик, ол туралы әдеби кітап көрмесі ұсынылды. Шекара қызметінің ардагерлері жас шекарашылармен өз тәжірибелерімен бөлісті.