2025 жылғы 21 қазанда Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін Қазақстандағы егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай «Отаным – бақыт Ордасы» атты тарихи экспресс өткізді.
Кітапханашылар студенттерді егемен мемлекеттің қалыптасу тарихы беттерімен таныстырды. Аудитория үшін Қазақстанның тарихи оқиғаларын бейнелейтін электронды презентация мен бейнероликтер дайындалды.
Оқырмандар «Керей мен Жәнібек хандары арасындағы диалог» қойылымын көрсетіп, Отан туралы қазақстандық авторлардың өлеңдерін патриоттық сезіммен оқыды. Каканова Розалина «Желсіз» әнін орындады.
Көрермендер үшін «Республика күні – Тәуелсіз Қазақстанның символы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Іс-шара «Атамекен» әнін орындаумен аяқталды.
Отаным – бақыт Ордасы
