2024 жылғы 04 қыркүйегінде «Строительный» кітапхана-филиалында «Отбасы – бақыт мекені» атты сөре-коллажы ұйымдастырылды.
Ақын А. Бақтыгерееваның «Ана әлдиі» жинағына нәзік сезімдер мен ойларға толы әйелдің, ананың, қыздың тағдыры туралы өлеңдер енген. Жазушы әйелдердің қоғам мен ел өміріндегі орны туралы айтады. Ақын О. Асқардың «Ауыл балалары мен қала балалары» өлеңдер, ертегілер, поэмалар, жұмбақтар жинағы достыққа, жанашырлыққа, бір-біріне көмектесуге отбасында үйренетінін көрсетеді. Белгілі педагог Я. Корчак «Как любить ребенка» кітабында туғаннан бастап жан-жақты тұлғаны тәрбиелеуге кеңес беріледі.
Құрметті оқырмандар, сіздерді осы материалмен танысуға шақырамыз!