Отбасы – басты құндылық

02 қыркүйек күні «Западный» кітапхан-филиалында Отбасы күніне арналып «Отбасы – басты құндылық» атты даңқ сәті өткізілді. Іс-шараға Тұрғынғали, Науырзбай, Досовтар отбасылары қатысты.
Кітапханашы отбасының құндылықтары, дәстүрлері жайлы мағлұматтар айтты. Қатысушылар әр түрлі кезеңдерден тұратын ойындарға қатысты. Балалар «Дәстүрлер» кезеңінде суретте көрсетілген дәстүрлерді өз отбасында қалай өткізілгені жайында айтып, өз ойларын анық жеткізе білді. «Ашық микрофон» кезеңінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Менің отбасым – менің байлығым» атты кезеңде «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер салып, отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, өлең жолдарын оқып, ән салып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара соңында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыптық сөресіне шолу жасалды.