Отбасынан не қымбат?

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде «Узкоколейный» кітапхана-филиалында № 25 мектептің 9 сынып оқушылары үшін «Отбасынан не қымбат?» іс-шарасы өткізілді. Сынып сағаты Отбасы күнін мерекелеуге арналған апта аясында өтті.
Кітапхана қызметкерінің айтуынша, саналы түрде ата-ана болу – бұл екеуі де – еркек те, әйел де – бала тууға байыппен қарайтын, бұл қадамды жоспарлайтын, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді бөлісетін жағдай. Отбасылық құндылықтарды белсенді насихаттау үшін іс-шараға педагог, екі баланың анасы – Ольга Вячеславовна Чебан шақырылды. Ол салауатты отбасылық қарым-қатынас, отбасындағы отбасылық дәстүрлер туралы айтып берді. Іс-шара барысында балалар ойын байқауларына белсене қатысты. Іс-шараға «Отбасы сөзі қаншалықты маңызды!» атты кітап көрмесі дайындалды.