Отбасындағы үйлесімді қарым-қатынас

А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкері «Асыл мұра» танымдық үйірмесінің қатысушыларымен «Отбасындағы үйлесімді қарым-қатынас» тақырыбында ашық әңгіме алаңын өткізді.
Үйірме жетекшісі мен оқушылар отбасындағы өзара қарым-қатынастың маңызы мен оның қыз бала тұлғасының қалыптасуына әсері жөнінде пікір алмасып, тақырыпты жан-жақты талқылады.
Көтерілген мәселелер оқушыларға ой салып, отбасы құндылықтарын терең түсінуге мүмкіндік берді.