2024 жылғы 6 қыркүйегінде Н. Островский ат. ОҚК Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері, «Шабыт» клубының мүшелері үшін «Отбасының бақыты – елдің бақыты» атты тақырыптық кездесу өткізілді.
Іс-шараға Қостанай қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысының міндет атқарушысы В. С. Бондаренко шақырылды.
Шара барысында кітапханашылар отбасының қоғамдағы маңызы мен көп балалы отбасылардағы салт-дәстүрлер туралы айтты. Қатысушылар жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, өз отбасыларының жетістіктерімен бөлісті.
Сонында «Отбасы құндылықтары – ұлттық тәрбиенің кепілі» атты кітап көрмесінің әдебиеттері ұсынылды.