2024 жылдың 5 маусым күні «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері шағын аудан оқырмандары үшін «Пайдалануға жол жоқ» атты тақырыптық сөресін ұйымдастырды. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, газеттер мен журналдардағы мақалалар, В. Г. Перов «Тройка», И. Е. Репин «Бурлаки на Волге» суретшілердің репродукциялары, А. П. Чехов «Ванька», «Спать хочется», Г. Бичер Стоудың «Хижина дяди Тома» көркем әдебиеттері, балалар еңбегінің мәселелері туралы «Золушка», «Три Толстяка», «Мальчик с пальчик» ертегілері ұсынылды. Әдебиеттермен танысқан оқырмандар балалар еңбегі тақырыбы өзекті деген қорытындыға келіп, А. П. Чеховтың «Спать хочется» әңгімесін оқуға кірісті.