«Киевский» кітапхана-филиалында «Пластикалық ыдыстардың екінші өмірі» тақырыбында «Фантазия» үйірмесінің қатысушылары үшін кезекті кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы үйірме қатысушыларына «Таза Қазақстан» бағдарламасы туралы, қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан ластау және қалдықтарды тиімді пайдалану мәселелері туралы айтып берді, өйткені бұл мәселе күн сайын өзекті болып келеді.
Бұл мәселелер ешкімді бей-жай қалдырмады, олардың қиялын пайдалана отырып, үйірменің қатысушылары пластикалық бөтелкенің қақпақтары мен түрлі-түсті қағаздан қызыл қоңыз жасады. Шара барысында қатысушыларға «Жер планетасы», «Мен әлемді зерттеймін», «Мен және айналадағы әлем» кітаптары ұсынылды.