2024 жылдың 21 қарашасында «Северный» кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, ақын, прозаик, сатирик Александра Ильинична Сусловамен кездесу өтті. Кеш иесі – Поэзияның өзі болса, құрметті қонақтар – ақын мен кеш иесінің орындауындағы өлеңдер. Кеш өте жылы және шынайы атмосферада өтті. Александра Ильинична тыңдармандарға жаңа туындыларын ғана емес, жан дүниесінің бір бөлшегін де сыйлады!