2025 жылғы 7 ақпанында Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін «Поэзияның жаны бар» атты әдеби кеш өткізді. Шара «Крылья» жастар әдеби бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына арналды.
Шараға қостанайлық ақындар: Анатолий Корниенко, Марта Петрова, Виктория Данилова қатысып, жастарға әдеби өнерлері туралы айтып, өлеңдерін оқыды. Көрермендерге «Крылья» жастар әдеби бірлестігінің құрылуы туралы айтылды, электронды презентация көрсетілді, «Крылья для полета», «Юбилей «Ковчегу» бейнероликтері көрсетілді. Көрермендер қостанайлық ақын Ольга Арзамасованың орындауындағы музыкалық нөмірлерді тыңдады. Кітапханашылар Солтүстік Қазақстан жазушылар қауымдастығының төрағасы, облыстық «Ковчег» әдеби бірлестігінің ұйымдастырушысы және жетекшісі, жас ақындарға қолдау білдірген «Крылья» жастар әдеби бірлестігінің жетекшісі В. Л. Растегинмен әріптестік туралы естеліктерімен бөлісті. Шара «Жанымның жыр жолдары» атты кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.
