Полилингвизм: тіл – сана – мәдениет

«Северный» кітапхана-филиалында «Полилингвизм: тіл-сана-мәдениет» диалог алаңы өтті. «Белсенді ұзақ өмір сүру» СӨС тобына келушілер қатысты. Диалог барысында Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы мен тілдік жоспарлау, тілдік байланыстар, би – және полилингвизм жағдайындағы когнитивтік процестер мен тілдік сана, полилингвизм және мәдениетаралық коммуникация сияқты қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелеріне баса назар аударылды. Сондай-ақ, қазақ тілінің латын графикасына көшуіне де назар аударылды. Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың латын графикасын енгізуге асықпауға, әлемдік тәжірибені мұқият зерделеуге және оның негізінде салмақты шешім қабылдауға шақырған ғылым жөніндегі Ұлттық кеңестегі сөзіне ерекше назар аударылды. Латын әліпбиі христиандық католиктік дәстүрмен және жалпы батыс өркениетімен байланысты емес, қазіргі кезеңде прогресс пен прогрессивті дамудың шарты ретінде әрекет ететіндігі атап өтілді. Тыңдаушылардың назарына «Пайдаланушы интерфейстері» атты электронды презентация ұсынылды.