Президенттің жолдауы – ел дамуының бағдары

«Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қостанай қаласы ҚР ІІМ Қылмыстық – атқару жүйесі комитетінің УК-161/1 колониясында «Президенттің Жолдауы-елдің даму бағдары» атты өзекті ақпарат сағатын өткізді. Іс-шарада кітапханашы «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» Жолдауының негізгі бөлімдерінің мазмұнын ашты. Бағдарламалық құжаттың бөлімдері қазақстандықтардың тіршілік әрекетінің көптеген салаларын қозғайды: энергетика, көлік, білім беру, медицина, ауыл шаруашылығы, бизнес, технологиялар. Тыңдаушылар Елбасының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау туралы ұсынысына ерекше қызығушылық танытты.