«Дорожный» кітапхана-филиалында ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының басымдықтарын насихаттау мақсатында «Президенттің Жолдауы – елдің игілігі» тақырыптық сөресі дайындалып, келушілердің назарына ұсынылды.
Тақырыптық сөреде бағдарламалық құжаттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіні, Қазақстан Республикасы Президентінің бес томдық еңбектер жинағынан таңдалған материалдар, сондай-ақ мерзімді басылымдардан алынған мақалалар мен талдамалық шолулар орналастырылған.
Барлық оқырмандарды тақырыптық сөре материалдарымен танысуға шақырамыз.
Президенттің жолдауы – елдің игілігі
