Президенттің Жолдауы: күн өткен сайын

«Дружба» кітапхана-филиалында «Президенттің Жолдауы: күн өткен сайын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы, ҚР Конституциясы, егемен Қазақстанның тарихы туралы кітаптар қойылған. Сонымен қатар, көрмеде Ю. Каштелюктің «Мысль» журналында жарияланған «Цифровая эволюция» мақаласы, Н. Ковальскаяның «Костанайские новости» газет беттерінде жарияланған «ИИ уносит меня» мақаласы сияқты жолдауда қойылған міндеттерді іске асыру туралы мақалалар, Президенттің көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерінің Жолдауына шолулары бар мерзімді баспасөз материалдары ұсынылған.