Рәміздер – рухтың ұлылығы

Н. Островский ат. ОҚК-да «Рәміздер – рухтың ұлылығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қазақстандықтардың құндылықтарын бейнелейді: бірлік, бейбітшілік, келісім, достық және жарқын болашаққа ұмтылу.
Көрмеде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері туралы ақпаратты ашатын кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылған. Мәселен, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» кітабында мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы материалдар, олардың эскиздермен жұмыс істеу туралы естеліктері, газет-журналдардың беттерінде жарияланған мақалалар бар: Ержанұлы Е. «Мемлекеттік тілді рәміздер қатарына қосатын кез келді» («Заң» газеті), Ельдесов Д. «Каким должен быть Герб Казахстана?» («Мысль» журналы).
Кітап көрмесі қазақстандық патриотизмді, оқырмандарды, әсіресе жас ұрпақты ел рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуді насихаттайды.