Рәміздерді құрметтеу қасиетті

«Южный» кітапхана-филиалында М. Хакімжанова ат. № 20 орта мектебінің жазғы лагеріне қатысушыларға арналған «Рәміздерді құрметтеу қасиетті» атты патриоттық сағаты өтті.
Іс-шара басында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Кітапханашы балаларға Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері тарихи жолдың ерекшеліктерін және басқа да бірқатар мемлекеттердегі еліміздің айрықша ерекшеліктерін білдіретіні туралы айтып берді.
Балалар «Білімдінің көзі ашық» викторинасының сұрақтарына жауап бере отырып, Ту, Елтаңба және Әнұран жасау тарихы бойынша өз білімдерін көрсетті, «Менің Отаным» тақырыбындағы мақал-мәтелдерді табуға қатысты, «Менің Отаным – менің Қазақстаным» бейнеролигін көрді.
Іс-шара барысында балалар «Көк тудың желбірегені» патриоттық әнін хормен шырқады.
Іс-шара соңында «Рәміздер – ұлттық мақтаныш!» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.