Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ батыры

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Северный» кітапхана-филиалының қызметкерлері 6697 әскери бөлімінде «Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ батыры» атты ақпараттық-танымдық сағаты өткізілді.
Шара барысында кітапханашы Рақымжан Қошқарбаевтың өмір жолына тоқталып, ол туралы кітаптарды ұсынды. Оның мұрағаттағы жеке фотосуреттері қойылған деректі фильм көрсетілді. Шара кітап көрмесіне шолумен аяқталды.