Республика күні

Республика күнін мерекелеу қарсаңында «ҰҚК Қостанай облысы бойынша ҚР ШҚ Департаментінің» қамқорлығымен № 28 МГ «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубына (жетекшісі Н. С. Қайнешов) ту салтанатты түрде табыс етілді. ӘПТ-тың өз эмблемасы, ұраны және әнұраны бар, енді оның туы да бар. Сондай-ақ, осы іс-шара аясында жас шекарашылардың әрқайсысы салтанатты киім кию үшін «Жас шекарашы» шевронын алды. Біздің Республикамыздың шекараларын қорғауда тұрған нағыз шекарашылар сияқты «Жас шекарашы» ӘПК ұраны – «Шекарашылар – Отанның берік қалқаны!». Осы салтанатты күні балалар департамент басшысының қолынан айрықша белгі алып, «Қазақстан республикасына қызмет етемін» деген сөздерді мақтанышпен шығарды. Осы іс-шараның барлық қатысушылары бұл іс-шара біздің жас шекарашыларымыздың отансүйгіштігі мен Отанына деген сүйіспеншілігінің үлгісі болатынына сенімді!