18 қазанда Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтіледі. Осы күнге «Строительный» кітапхана-филиалының қызметкерлері толерантты қоғамдық сана, конфессияаралық және этносаралық келісім мәдениеті идеяларын ашатын тарих, философия, дін, педагогика бойынша кітаптар ұсынылған «Рухани келісім – әлемді өзгертудің кілті» көрме-фактісін рәсімдеді.
Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлидің «Ислам – религия мира и созидания» кітабы үш тараудан тұрады. Біріншісінде автор исламды дін және өркениет ретінде қарастырады. Екіншісінде ол Қазақстандағы исламның рөлі мен орны туралы айтады, үшіншісінде бірқатар сұхбаттар негізінде исламның адамгершілік, бейбіт, толерантты дін екендігі көрсетілген.
Лама Шариф Қайрат өзінің «Дініңді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» атты кітабында діннің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына байланысты мәселелерді көтереді.
«Религия и общество», «Религия и традиции» атты екі бөлімнен тұратын «Исламдағы өзекті мәселелер жайындағы сұрақ-жауаптар» жинағында қазіргі қоғамдағы ислам мен қазақ дәстүрлерінің арақатынасына байланысты өзекті сұрақтарға жауаптар беріледі.
Құрметті оқырмандар, сіздерді көрме материалдарымен танысуға шақырамыз!
Рухани келісім – әлемді өзгертудің кілті
