Рухани келісім күніне орай «Киевский» кітапхана-филиалында №13 мектептің оқушылары үшін «Рухани келісім – диалог факторы және бейбітшілік мәдениеті» атты қарым-қатынас сағаты өтті. Онда балалар бұл мерекенің қайдан бастау алатынын, Рухани келісім күнінің Қазақстан халқының достығы мен бірлігін нығайтудағы рөлі, толеранттылық деген не екенін біліп, толерантты адамға қандай қасиеттер тән екенін анықтады.
Яғни, біз басқаларды құрметтеу, сүйіспеншілік, түсіну, келісім, қабылдау сияқты қасиеттерді қозғадық. Осы қасиеттерден оқушылар гүл мен толеранттылық ағашын құрастырды.
Сонында «Рухани келісім – халық байлығы» атты кітап көрмесі ұсынылды.