«Южный» кітапхана-филиалында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасын іске асыру аясында “Қостанай құрылыс колледжі” МКҚК I курс студенттері «Рухани орындар – халық өмірінің көрінісі» Қазақстанның қасиетті жерлеріне виртуалды саяхат жасады.
Іс-шараға Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының тарихты, археологияны және этнографияны ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің әдіскер-тарихшысы Цюмбалюк Назира Әлжанқызы қатысты. Мұражай қызметкері көшпелі көрменің сүйемелдеуімен Қазақстан мен Қостанай облысының киелі жерлері туралы айтып берді. Ақпаратта этнографтар мен тарихшылар жинаған сенімді фактілер де, аңыздар да болды.
Іс-шара барысында студенттер облыс аумағында орналасқан бірегей қасиетті орындарға арналған «Қостанай өлкесінің інжу-маржандары» тест-викторинасына белсенді қатысты.
Пікір алмасу барысында оқушылар қасиетті жерлерді білу және сақтау қажет деген қорытындыға келді, өйткені бұл біздің ата-бабаларымыздың тарихы.
Іс-шара соңында «Ұлы дала ескерткіштері» кітап көрмесіне шолу жасалды.
