«Сүйікті кітаптардың беттері бойынша»

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Сүйікті кітаптардың беттері бойынша» тақырыптық сөре рәсімделді. Тақырыптық сөре жыл сайынғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына орайластырылған. 2025 жылы республикалық акция аясында оқу үшін екі автордың шығармалары таңдалды: жазушы, ақын, сыншы және аудармашы Тәкен Әлімқұлов және ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденов, оның 90 жылдық мерейтойы 2025 жылы атап өтіледі. Көрмеге Тәкен Әлімқұловтың алты томдық мемлекеттік тілдегі шығармалар жинағы, «Музыкальная душа» жинағы және Жұмекен Нәжімеденов туралы ақпаратпен бірге «Қазақстан» энциклопедиясының 7 томы қойылды.