Сүйікті кітап беттерінен

«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің балаларына арналған «Сүйікті кітап беттерінен» әдеби ойыны өткізілді.
Кітапханашы сүйікті кітаптарының беттерін аралап, сүйікті кейіпкерлерінің қасына баруды ұсынды. Балалар жарыстың көңілді рухына, тапқырлығына бөленді. Олар шығармаларды белсенді түрде болжап, викториналарға қатысып, отандық және шетелдік жазушылардың балалар әдеби шығармалары туралы жақсы білімдерін көрсетті.
Соңында балалар «Кітап асыл қазына» тақырыптық сөресінің материалдарымен танысты.