2025 жылдың 26 сәуірінде «Северный» кітапхана-филиалында қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Сәбит Мұқанов: өмірбаяны және шығармашылығы» әдеби көрме өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға Сәбит Мұқановтың өмірбаяны туралы толық ақпарат берілді. Жазушының қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесіне, шығармаларында көтерген тақырыптарына ерекше көңіл бөлінді.
Пайдаланушылар назарына «Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі ұсынылып, «Жарық жұлдыз», «Тұлғалар тағылымы», «Сәбит Мұқанов» және басқа да сирек кітаптар қойылды. Бұл қатысушыларға автордың шығармашылығының атмосферасына тереңірек енуге және оның әдебиетке қосқан үлесін жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісіп, олардың қазіргі қоғам үшін маңызын талқылады.
Іс-шара барысында қатысушылар үшін викториналық сұрақтар қойылды, топтық ойындар ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
Кездесу соңында ықылас білдіргендердің барлығы кітапты әрі қарай оқу үшін үйлеріне апара алды.
Сәбит Мұқанов: өмірбаяны және шығармашылығы
