Сәлем, кітап үйі!

2024 жылғы 30 қыркүйекте «Строительный» кітапхана-филиалында «Сәлем, кітап үйі!» атты экскурсиясы өткізілді. Қатысушылар №40 бөбекжайдың тәрбиеленушілері болды.
Кітапханашы абонемент пен оқу залының кітап қорымен таныстырды. Ол сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, ғарыш және аспан планеталары туралы энциклопедияларды ұсынды. Балалар «Ертегілер бойынша жұмбақтар» викторинасына қатысып, өздерінің сүйікті кейіпкерлерін Чиполлино, Карлсон және т.б. белсенді түрде болжап, таныды.
Соңында «Три кота», «Гришкины книжки», мультфильмдері көрсетілді, балалар кітапты қалай ұстау керектігін білді.