Сарқылмайтын және шабыттандыратын

2025 жылғы 27 сәуірде Н. Островский ат. кітапханада «Лада» клубының мүшелері үшін Қазақстан Республикасының халық графикалық суретшісі Евгений Матвеевич Сидоркиннің 95 жылдығына арналған «Сарқылмайтын және шабыттандыратын» өнер сағаты өткізілді.
Клуб қатысушылары әлемдік деңгейдегі график-суретшінің өмірбаянымен танысып, оның туындыларын үлкен қызығушылықпен тамашалады: қазақ халық ертегілеріне негізделген түрлі-түсті литографтар сериясы «Веселые обманщики», «Казахский эпос», «Казахские народные игры», «Читая Сакена Сейфулина», «Из глубины веков», «Аксакалы», Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов және басқа да көптеген қазақ және шетел әдебиетінің классиктерінің шығармаларына иллюстрациялар.
Іс-шара соңында «Е.Сидоркин шығармашылығының феномені» деректі фильмін тамашалады.