Білтегешсіз, ілмексіз тоқыма
2024 жылғы 5 шілдеде Н. Островский ат. қалалық кітапханасында «Шабыт» шығармашылық клубының кезекті отырысы қолөнер шеберлеріне арналды. Кітапхана қызметкерлері тоқыма өнерінің өте ертедегі түріне тоқталды. Қатысушылар үшін білтегештермен жұмыс жасаудың маңызын ашатын, электронды презентациялар, бейнебаяндар көрсетілді. Клуб қатысушысы Ерохина Альбина Степановна тоқыудың білтегешсіз және ілмектерсіз тоқу дағдыларымен бөлісіп, «Саусақпен тоқу» шеберлік сабағын өткізді. Отырысқа қатысушылар клуб отырысының тәжірбиелік бөлігіне белсенді қатысты, сондай-ақ шеберлік- сыныбы көптеген жағымды эмоциялар қалдырды.