Сен маған, шабыт үшін қанат бердің

«Узкоколейный» кітапхана филиалында Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сен маған, шабыт үшін қанат бердің» атты кітап көрмесі безендірілді. Кітап көрмесінде автор Н. Жуанышбековтың ақын мен жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы очерктері, Сәкен Сейфуллин туралы мерзімді басылымдардан мақалалар ұсынылған. «Сакен Сейфуллин – председатель совета народных комиссаров Казахстана» кітабында автор М. Әбсеметов еліміздің халық шаруашылығының ірі ұйымдастырушысы және басшысы ретінде Сейфуллиннің жеке басын ашады. Сондай-ақ, Д. Әменованың «Прерванный полёт», «Авиация – это крылья грядущих поколений!» және т.б. мақалалары ұсынылған.