Қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Дружба» кітапхана-филиалында «Мирас» ҚМҮ № 2 филиалымен бірлесіп «Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы» ауызша журналы өткізілді. Кітапханашы атақты композитордың өмірі мен шығармашылық жолы, оның еңбегі туралы айтып, «Вальс өмір ритмінде» тақырыптық сөресіне шолу жасады. Қатысушылар «Ақ бантик», «Сарыжайлау» әндерін тыңдап, іс-шара шағын викторинамен аяқталды.
Шәмші Қалдаяқов – әннің патшасы
