Шабыт арқылы сұлулық

2024 жылғы 30 қарашада Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Шабыт арқылы сұлулық» клубының кезекті отырысын өткізді.
Іс-шараның қонағы, жазушы, ақын, М. Хакімжанова атындағы театр студиясының жетекшісі К. А. Әбенова өзінің шығармашылық қызметі, тігін ісі туралы айтып берді. Қарлығаш Әділбекқызы көрермендермен ұлттық қамзол тігуді және спектакльдерге қатысуды ұнататындығымен бөлісті.
Кітапханашылар электронды презентация мен бейнероликтер көрсетіп, клуб қатысушылары үшін «Бізбен бірге тігеміз» шеберлік сабағын өткізді. Клуб отырысы көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер қалдырды.